Ресейдің қаржы министрлігі ұлттық әл-ауқат қорының қаржысына шетелдік компаниялардың акцияларының қоржынын сатып алуды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің қаржы министрлігі  ұлттық әл-ауқат қорының қаржысына шетелдік компаниялардың акцияларының қоржынын сатып алуды ұсынуда

Ресейдің қаржы министрлігі ұлттық әл-ауқат қорының қаржысына шетелдік компаниялардың акцияларының қоржынын сатып алуды ұсынуда

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 21 тамыз. МӘСКЕУ. Ресейдің қаржы министрлігі елдің тұтақтандыру қорының базасында қалыптасатын ұлттық әл-ауқат қорының қаржысына 3 процентке дейінгі көлемде шетелдік компаниялардың акцияларының қоржынын сатып алу орынды деп санайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Рресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 21 Тамыз 2007
  • 569
Фото - Caravan.kz

«Қор қаржысы негізінен стратегиялық емес, портфельдік, яғни, бағалы қағаздар түріндегі инвестицияларға жұмсалмақ. Дейтұрғанмен, бір компанияға салынатын салымдардың көлемін шектеу жолымен жүрген орынды — бір компания акциясының 3%-тен артық емес көлемін сатып алған жөн. Бұл салымдарды әртараптандыруға мүмкіндік береді», — деді ресейлік агенттікке Қаржы министрлігіндегі ақпарат көзі.

Қаржы министрлігіндегілер қордың барлық қаржысы тек қана портфельдік инвестицияға ғана жұмсалады деген сенімде, яғни, оған акциялардың бақылаушы немесе шектеуші қоржындары сатып алынады.

Мұндай шешімнің қабылдану мерзіміне тоқталған ақпарат көзі ең алдымен Бюджеттік кодекске түзетулер қабылдануы қажет екенін, онда қор қаржысын орналастыру мақсаттары айқындалатынын жеткізді. «Басты принцип — қаржының сақталуы, дегенмен, оларды не үшін орналастыратындығымыздың мақсаты нақты айқындалуы қажет», — деді ол.

2008 жылдан бастап тұрақтандыру қоры резервтік қор және ұлттық әл-ауқат қоры деп қайта құрылады. Резервтік қор мұнай бағасы айтарлықтай арзапдап кеткен жағдайда бюджетті сақтандыру үшін құрылмақ. Ал ұлттық әл-ауқат қорын жұмсаудан түскен қаржыны бірнеше мақсатқа, атап айтқанда, зейнетақы жүйесін қолдауға жұмсау жоспарланған.