Жарияланды: 410

Ресейдің Қоғамдық палатасы 31 желтоқсанды демалыс күні етіп жариялауды сұрады

Ресейдің Қоғамдық палатасы 31 желтоқсанды демалыс күні етіп жариялауды сұрады

Ресей Федерациясы Қоғамдық палата мүшесі Султан Хамзаев РФ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне 31 желтоқсанды ресми демалыс күні ету мүмкіндігін қарастыруды сұраған өтініш жіберді. 

Хамзаевтың айтуынша, 31 желтоқсанды мереке алдындағы және қысқартылған күн екенін ескерген жөн, деп жазылды «Известия» мақаласында.

«Жаңа жыл алдында маңызды шешімдер қабылданбайды, кеңседе негізінен басшылық болмайды. Олардың бұл күнгі пайдалылығы нөлге тең. Бұл күні азаматтар мемлекеттік мекемелердің қызметіне жүгінетініне күмәнім бар. Сондықтан, бұл күнді тиімсіз жұмыс күні деп санауға болады. Қанша адам сол үшін кептелісте тұрып, жұмысқа барып әуре болады. Жартысы мерекелік дастарханға дайындалу үшін ертерек сұранып кетеді. Бұл жұмыс күнінің маңызы бар ма?» - деп атап өтті Султан Хамзаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін