Ресейлік боксшы Лебедев WBA чемпионы атағын қорғап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік боксшы Лебедев WBA чемпионы атағын қорғап қалды

Ресейлік боксшы Лебедев WBA чемпионы атағын қорғап қалды

Ресейлік боксшы Денис Лебедев Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA)

  • 18 Желтоқсан 2012
  • 312
Фото - Caravan.kz

нұсқасы бойынша алғашқы ауыр салмақта әлем чемпионы атағын абыроймен қорғап қала алды, деп жазды Ресей Жаңалықтар агенттігі.

18 желтоқсан күні Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» аренасында 32 жастағы Лебедев шаршы алаңда 27 жастағы Колумбия өкілі Сантандеро Сильгадомен кездесті. Ресейлік спортшы басымдықты бірден өз қолына алды. Спортшылардың санаттар бойынша айырмашылығы көрініп-ақ тұрды, бұл соңында көрермендердің пайымын растады. Төртінші раундта өзара соққылардан кейін колумбиялық боксшы «ашылып», Лебедев оның жағына нақты соққы жасай алды. Нәтижесінде Лебедевтің қарсыласы ойынның аяқталуына 44 секунд қалғанда рингке құлады.

24 жекпе-жегін (оның 18-і нокаутпен) жеңіліссіз өткізген Сильгадо үшін бұл алғашқы ұтылыс болды. Ал бұл Лебедевтің кәсіби рингтегі 26 кездесуінің 25-інші жеңісі (19-ы нокаутпен) болды.