Жарияланды: 380

Ресейлік комментатордың қазақ футболшыларына шүйлігуінің себебі белгілі болды

Қазақ футбол жанкүйерлерінің шамына тиген жазба! Ресейдің танымал комментаторы өзінің әлеуметтік желісінде елордалық футболшыларды мазақтап, намысқа тиетін сөздер жазған. Қазір бұл ғаламторда үлкен дау тудырып қызу талқыланып жатыр.

Онда Василий Уткин «қазақ футболшыларына сенбеу керек, өйткені оны кілең осырақтар басқарады»-деп, жазыпты. Осыдан кейін миллиондаған жанкүйер ресейлік комментаторды жерден алып жерге салды. Бірі жекпе-жекке шақырса, екінші Уткиннің сандырағынан саяси астар іздеп отыр. Кейін белгілі болғандай Василий Уткин «Астана» мен «Галатасарай» командаларының кездесуін жүргізуге ұсыныс жасаған екен. Бірақ елордалық команда бұған келіспепті. Осыған ызаланса керек, спорт тілшісі мыңдаған шақырымда отырып бар ашуын ғаламтор арқылы білдірген. Ал, елордалық клуб Васили Уткиннен кешірім талап етіп отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін