Республиканың бес облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабық - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың бес облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабық

Республиканың бес облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабық

Республиканың бес облысының учаскелерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) көлік қозғалысына шектеу қойылды.

  • 4 Желтоқсан 2015
  • 328
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қостанай облыснда ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Қостанай — Әулиекөл — Сурган» (07-232 км), а/ж учаскесінде түрлері автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ «Мамлютка-Қостанай» (180-404 км), «Екатеринбург-Алматы» (555-729 км) а/ж алаңдарында жүк және қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Ақмола облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Қостанай — Әулиекөл — Сурган» (232-260 км), а/ж учаскесінде түрлері автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды. Сонымен бірге «Астана-Петропавл» (304-341 км),  «Көкшетау-Рузаевка» (0-61км), «Көкшетау-Омбы» (2-50км) а/ж алаңдарында қоғамдық автокөліктері қозғалыс тоқтатылды.

 Солтүстік Қазақстан облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) барлық бағытқа автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.


 Ал Ақтөбе облысы бойынша «Самара-Шымкент»  (773-1240) а/ж учаскесінде түрлері автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Қызылорда облысында «Самара-Шымкент»  (1240-1356) а/ж учаскесінде түрлері автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.