Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков хабарлады.
«РФ Жоғарғы бас қолбасшысы Владимир Путиннің шешіміне сәйкес, Әуе-ғарыш күштері сәрсенбі күні Сирия Араб республикасы аумағындағы террористердің нысандарын жою операциясына кірісті», — деді ол.
«Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ҰҚКҰ әріптестеріне ӘҒК ұшақтарының ИГИЛ содырларына тиесілі әскери техника, байланыс тораптары, әскери құралдар мен қару-жарақ қоймаларын жойып жатқанын жеткізді», — деді И.Конашенков.