Рой Джонстың келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рой Джонстың келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Рой Джонстың келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

ММА жұлдызы Андерсон Силва мен бокс саңлағы Рой Джонстың жекпе-жегі Қазақстанда ұйымдастырылуы мүмкін.

  • 23 Желтоқсан 2013
  • 307
Фото - Caravan.kz


Владимир Хрюнов «Совет спортына» берген сұхбатында жақында UFC президенті Дэйн Уайтпен кездесетінін мәлім етті. Кездесу барысында ММА ең үздік спортшысы Андерсон Силва мен әйгілі боксшы кіші Рой Джонс арасындағы жекпе-жек талқыланады.

Хрюновтың айтуынша, кездесу Қазақстанда өтуі әбден мүмкін. Өйткені, Қазақстан тарапы мұндай айтулы шоуды елімізде өткізуге мүдделі болып отырған көрінеді. Жекпе-жек бокс ережелері бойынша өтеді, дейді ұйымдастырушылар. Бұл екі спортшы кездесу өткізгісі келетінін бірнеше рет жариялаған болатын, деп хабарлады Baq.kz.