С. Громов Сенат төрағасының орынбасары қызметіне сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
С. Громов Сенат төрағасының орынбасары қызметіне сайланды

С. Громов Сенат төрағасының орынбасары қызметіне сайланды

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Сергей Громов Сенат төрағасының орынбасары қызметіне сайланды. Еске сала кетейік, жалпы отырыста Қайрат Ищанов өз өтініші бойынша қызметінен босатылған болатын.

  • 14 Қаңтар 2016
  • 356
Фото - Caravan.kz

«Маған берілген конституциялық нормаларды пайдалана отырып, Сенат төрағасының орынбасары қызметіне Сергей Громовтың кандидатурасын ұсынамын. С. Громовты таныстырып жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын», деді спикер Қ. Тоқаев.

Сенат регламентіне сәйкес, төраға орынбасары палата депутаттарының ашық дауыс беруімен сайланады. Осыған орай, палата депутаттары аталған мәселені қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Осылайша, С. Громов төраға орынбасары қызметіне сайланып, жұмысына бірден кірісті.