Жарияланды: 350

Салидат Қайырбекова күтпеген жерден қызметінен кетті

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрінің тосын әрекетінің себебін әріптестерінің өздері білмейді.

Министрліктегі екінші адам жұмыстан босату жайында өз еркімен арыз жазып берген. Енді қандай қызметке жайғасары да белгісіз. Былтыр Үкіметтегі ауқымды қысқарту кезінде, Салидат Қайырбекованың министрлігі әлеуметпен қосылып, өзі бірінші вице-министр лауазымын місе тұтқан еді. Қайырбекова Денсаулық сақтау министрі болып 2010 жылы, пара алды деп 7 сотталып кейін ақталып шыққан Жақсылық Досқалиевтің орнына келген болатын. Басынан дау арылмайтын саланы реформалауға кіріскенімен, оның барлығы нәтижелі болды деу қиын. Қайырбекованы кімнің алмастыратыны белгісіз. Бірінші вице-министрдің орыны әзірше бос тұр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін