Самокат мінген азаматтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Самокат мінген азаматтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді

Самокат мінген азаматтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді

Шымкентте самокат мінген есірткі қойып кетуші ұсталды. Жігіттен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді. 
 

  • 7 Тамыз 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында түнгі уақытта қараңғы көшеде самокат айдап жүрген жас жігіт есірткімен күресушілердің күдігіне іліккен. 

Тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде полицейлер оның сөмкесінен бір реттік доза салынған синтетикалық есірткінің 20 дана орамын және оны жасыру үшін жерді қазуға арналған пышақ тапқан. 

Сондай-ақ жедел уәкілдер ұсталған азаматтың пәтерін тінтіп, одан 120 грамм ұнтақ тәрізді психотроптық зат салынған пакет, 2 таразы және 19 есірткі орамын тауып, тәркілеген. 

"Ер адам ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды сол тектестарді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау не тасымалдау) қылмысты жасағаны үшін күдікті деп танылып, тергеу изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда Әл-Фараби АПБ-да аталған осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.