Санавиация 840-тан астам науқасты тасымалдады - Денсаулық сақтау министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санавиация 840-тан астам науқасты тасымалдады - Денсаулық сақтау министрлігі

Санавиация 840-тан астам науқасты тасымалдады - Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда қаңтар-маусым айларында санавиация арқылы 840-тан астам науқас тасымалданды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен.

  • 21 Шiлде 2014
  • 685
Фото - Caravan.kz

«2014 жылдың бірінші жарты жылдығында санитарлық авиация арқылы 880-нен астам рейс орындалып, 1150-ден артық медициналық көмек және 230 консультативті қызмет ұсынылды. Барлығы 840 науқас тасымалданып, 74 науқасқа ота жасалды» делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, республикалық санавиация орталығы арқылы Сингапур, Ұлан-Батыр, Дубай клиникаларында ауыр халде жатқан отандастарымыз Астана мен Алматы қалаларында емдеуге тасымалданған.

Экипаж мүшелерінің кәсіби дайындығын да атап өту керек. ,


"Олар ұшу алаңы болмаған жерлерде де сәтті қонып, ұша білді", — деп жазды primeminister.kz.