«Сарыарқа» бүгінгі ойынды Нефтекамск қаласында өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сарыарқа» бүгінгі ойынды Нефтекамск қаласында өткізеді

«Сарыарқа» бүгінгі ойынды Нефтекамск қаласында өткізеді

Бүгін Жоғары хоккей лигасының кезекті финалдық матчында қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы «Торос» (Нефтекамск) командасымен кездеседі.

  • 22 Сәуiр 2013
  • 294
Фото - Caravan.kz

Түзде өтетін ойын кешкі сағат 19.00-де басталады

Айта кетейік, осы уақытқа дейін өткен екі кездесудің қорытындысы бойынша есеп — 1:1. Қарағанды қаласында болған бірінші матчта «Сарыарқа» өз қарсыласын 4:1 есебімен жеңсе, келесі күні «Торос» есесін қайтара білді, есеп — 1:7.

Енді, Башқұртстанның Нефтекамск қаласында 22-23 сәуір күндері қатарынан екі ойын өтеді. Онда екі команда бір-бір ұпайдан жинап, жалпы есепті 2:2-ге дейін жеткізуі мүмкін, я болмаса, екеуінің біреуі жеңіске бір қадам жақындайды. Өйткені Жоғары хоккей лигасының финалында қарсыласты төрт рет жеңіп, жалпы есепте төрт ұпай жинау қажет. Жеңімпаз ЖХЛ-дың Братина кубогына ие болады.