Жарияланды: 420

Сауд Арабиясы ел ішінде бензинге бағаны 40 пайызға көтерді

Сауд Арабиясы ел ішінде бензинге бағаны 40 пайызға көтерді

Сауд Арабиясы билігі бюджеттің рекордтық тапшылығына байланысты ел ішінде бензинге бағаны 40 пайызға көтерді. Енді Корольдікте бензиннің литрі -  24 цент.

Сауд Арабиясында бензинге және кейбір коммуналдық қызметтерге баға субсидия есебінен дәстүрлі төмен деңгейде ұсталуда. Ел мұнай өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Бағаны бір жарым есеге көтеруді сарапшылар соңғы онжылдықтағы елдегі ірі реформа деп атауда.

Дүйсенбіде Сауд Арабиясы үкіметі  жылдың рекордтық бюджет тапшылығымен аяқталатындығын мәлімдеген болатын. Тапшылық 97,9 млрд. доллар, немесе ІЖӨ 15 пайызы деп бағалануда.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, тапшылықтың қалыптасуына мұнайға бағаның төмендеуі елеулі фактор болған, деп хабарлайды Би-би-си.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін