Сауд Арабиясында тұтқындалған отандастарымыз діни білім алуға кеткен студенттер болып шықты
Сауд Арабиясында тұтқындалған отандастарымызға қатысты жаңа дерек! Лаңкестік ұйымға қосылмақ болды деген күдікпен ұсталғандар студенттер болып шықты. |
Қолына кісен салынған 3 жігіт Медине қаласындағы Ислам университетінде оқиды. Діни білім аламын деп дауға қалған жерлестеріміздің ісімен Сауд Арабиясындағы елшілік айналысып жатыр. Ал бұған дейін Арабияның ақпарат құралдары, 5 Қазақстан азматының ұсталғанын жарыса жазған. Бір анығы – қазақ студенттеріне радикалды лаңкестік топтардың қатарына қосылмақ болған деген айып тағылуда. Қазір Сыртқы Істер министрлігі студенттердің аты-жөнін нақтылап жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін