Жарияланды: 460

Саябақты саудалап жібермек болғандардың әрекеті әлеуметтік желіні шулатты

Жұрттың жағасын ұстатқан жарнама! Алматының қақ ортасындағы саябақты саудалап жібермек болғандардың әрекеті әп-сәтте әлеуметтік желіні шулатып жіберді. Гүлзарды саудаға салғандар, тіпті, онда элиталық қонақ үй соққан ыңғайлы деп сайтта жарнама жасаған.                          

Жұртты шулатқан хабарландыру осы. Әлдебіреулер елдегі ең танымал Абай атындағы опера және балет театры жанындағы саябақты сатамын деп   ғаламторға салған. Тіпті 1 млн 400 мың доллар деп бағасын да бақырайтып жазыпты. Мұны көрген көпшілік жағасын ұстап, бірден хабарландыру иесін іздестіре бастады. Бірақ жарнама қожайыны сол күйі ізім-қайым жоқ. Ал әкімдіктегілер саябақтың сатылмайтынын айтып, жұртты сабырға шақырды.    

Алмат Әмірешов, Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім жетекшісі:

-  Жәй өзінің жеріне жақсы жарнама жасау үшін жасаған ойы шығар. Себебі қазір интернет арқылы өзінің ойына келген келген жарнаманы бере беруге болады. Саябақтың жері, 2,1 гектар жер ешкімге сатылмайды. Себебі ол Үкіметтің жері.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін