Сегіз облыста ауа райына байланысты жол жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сегіз облыста ауа райына байланысты жол жабылды

Сегіз облыста ауа райына байланысты жол жабылды

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты сегіз өңірдегі автожолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Ақпан 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің сегіз өңірінде: Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды», — деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли.

Министрлік азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырып, дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтауды сұрайды.

Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн. Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына ұшырауыңыз да ықтимал.

Егер қандай да бір елдімекенге шұғыл бару керек болса, діттеген жерге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдаланған жөн.

Қыста жолға шығар алдында:


1. Мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз;

2. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз.

Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.

«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елдімекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.

Шұғыл қызметтер авттомобиль иелеріне топтасып жүрген жағдайда төмендегі ережелерді қаперде үстауға шақырады:

— жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;

— ілесіп жүретін шұғыл қызмет белгілеген жылдамдық режимін сақтаңыз;

— өткізу пунктінен шыққан автомобильдің артынан ілесіңіз және оны басып озбаңыз;

— алда келе жатқан көліктің арасындағы қашықтықты сақтаңыз;

— алдыңғы жақтағы көлікті басып озуға болмайды;

— айналадағы қозғалысқа мұқият мән беріңіз.

Соңғы жаңалықтар