"Селфи жасайық!". Рэп оқыған Ерке Есмахан әділқазыларды таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Селфи жасайық!". Рэп оқыған Ерке Есмахан әділқазыларды таңғалдырды

"Селфи жасайық!". Рэп оқыған Ерке Есмахан әділқазыларды таңғалдырды

Хабар арнасында өтіп жатқан "Жұлдызды жекпе-жек" жобасында Ерке Есмахан рэп оқып əділқазыларды таңғалдырды. 

  • 6 Маусым 2018
  • 217
Фото - Caravan.kz

Рэп оқыған Ерке жобаның бас модераторы Мейрамбек Беспаевты селфи жасауға шақырып, əділқазыларға жаңа қырынан көрсетті. Еркенің бұл өнеріне тəнті болған əділқазылар, əншіге жылы лебіздерін жаудырды. 

"Кешегі "Жұлдызды жекпе-жектен" соң пікірлерді оқып ойым сан саққа жүгіріп, масқарааа әрең өз-өзіме келдім!
Рэп оқығаным көп көрерменнің көңілінен шығыпты!
Пікірлерді оқып, бір ойым "Q-pop" жанрында ән жазып, шаш бояп, қасыма 8 қызды алып шығып, шыр көбелек айналып билеп кетсем ба деп қоям!
Иглздар сияқты "Еркелыздарым" көп болатын сияқты! Найнти уанмееен жүрмеймін ба, әрлі- берлі гострольдатып!
Әзірге Black Star мені алмайтын шығар, кеше ғана біраз адаммен контрактқа отырды ғой деп өзімді жұбаттым?!
Қысқасы ойша біраз шетелді шарлап келдім, бірақ шіли өйтіп кетсем папа мамам түсінбей қап жүрер деп қоя салдым. Ұлым да өсіп келе жатыр дегендей!
Көрермен үшін әртіс бәріне дайын ғой. Еңбегім xалық тарапынан еленіп жатқанына сондай бақыттымын! Не де болса бас аман болсын, бақытты болайық!", деп жазды Ерке Есмахан желідегі парақшасында. 


Оқи отырыңыз:

Forbes Головкиннің табысын есептеді

Осы жазда мыңнан астам қазақстандық жетім бала Астанада болып қайтады

Қайтып келетініне сенемін: Марқұм Томирис Байсафаның анасының жазбасы жұртты жылатты
 

Соңғы жаңалықтар