Семей аймағында 2007жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін шығару көлемі 12% көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей аймағында 2007жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін шығару көлемі 12% көтерілді

Семей аймағында 2007жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін шығару көлемі 12% көтерілді

Семей. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семей аймағында 2007 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін шығару көлемі 12% көтерілді. Бұл туралы Семей әкімі Мейрамхат Айнабеков құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 494
Фото - Caravan.kz

«Ауыл шаруашылығында айтарлықтай ілгерушілік байқалады. Өткен жылы мұнда жалпы өнім өндірісі 6 млрд теңгеге қамтамасыз етілді. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 12% жоғары», — деп атап өтті М.Айнабеков.

Ол атап өткеніндей, «Приречное» агрофирмасында 500 мал басына есептелген мал жемдеу алаңы және 300 мал басына арналған сүт-тауар фермасының құрылыстары басталды.

«Ауылдық аумақтар одан әрі дамытылатын болады. Достық және Чекоман ауылында су құбырларын жаңарту жұмыстары аяқталды. Тұра осындай жұмыстар Знаменка ауылында қолға алынды», — деді қала әкімі.

Оның мәліметтері бойынша, 2007 жылы Караөлең, Маралды, Шағын Ақтөбе, Талдықорған ауылдарында сөйлесу пунктері ашылды. Ал Самай, Социалистік Қазақстан және Қызылжол ауылдарында серіктік телефон станциялары орнатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті