Жарияланды: 300

Семей әкімдігі бұрынғы студенттен 2 млн теңге өндіріп алатын болды

Семей әкімдігі бұрынғы студенттен 2 млн теңге өндіріп алатын болды

Семейде қалалық әкімдік өкілдері мен медициналық университеттің бұрынғы студенті арасында азаматтық сот процесі аяқталды. Бойжеткен әлеуметтік бағдарлама бойынша ЖОО-да облыстық бюджет есебінен оқыды, бірақ үлгерімі төмен болғаны үшін оқудан шығарылған. Енді ол әкімдікке екі миллион теңгеден астам қаража төлеуі тиіс.

Бойжеткен қалалық әкімдікпен және медициналық ЖОО-мен арнайы әлеуметтік бағдарлама бойынша білім алуға шарт жасасқан, деп хабарлады YK-news.kz. ШҚО әкімдігі аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға, жетімдерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жәрдемдеседі. Басты шарт - үлгерімі жақсы болу. Студент оқуын аяқтай алмады. Сабақтан көп қалғандықтан, үшінші курста екінші жылға қалдырылды. Кейін оны оқудан шығарып жіберді. Бойжеткеннің айтуынша, бірінші жолы ол Ауғанстанға қайтыс болған анасының жылына барып, сосын елден уақтылы шыға алмай қалғанын айтады. Сосын інісі мен сіңлілерін тәрбиелеп отырғандықтан, оқуын жалғастыра алмаған.

Әрі, шартта егер, студент академиялық үлгермеген жағдайда, оқуға төленген шығынның орнын толтыруы тиіс екені көрсетілген. Қалалық сот шешімімен ол бюджетке 2 миллион 335 мың теңге төлеуі тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін