Жол полициясы бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, қаланың шыға берісіне жол полициясының посты қойылған. Бұл шара ауыл тұрғындары елді-мекенен алыс шықпаулары үшін қабылданып отыр. Полицейлердің айтуынша, қатты аязда кез-келген техника сыр беруі мүмкін.
Мекеменің ақпараттарына сүйенсек, жыл басынан бері жол полициясының қызметкерлері 90-нан астам адамды құтқарған.
«Сенбі күні Семейден 10 шақырым қашықта полицейлер Тоқтамыс аулының төрт тұрғыны бар «Волга» көлігін кездестірген. Қырық градус аязда бір сағаттан астам уақыт отырған адамдар қалаға жеткізілді»,- деді жол полициясының қызметкерлері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті