Семей полигоны туралы түсірілген фильм «Кинотаврдың» бас жүлдесін алды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей полигоны туралы түсірілген фильм «Кинотаврдың» бас жүлдесін алды

Семей полигоны туралы түсірілген фильм «Кинотаврдың» бас жүлдесін алды

Сочиде 8 маусымда жабылған Ресейдің  25-ші ашық «Кинотавр» фестивалінің бас жүлдесін режиссер Александр Коттың дыбыссыз «Сынақ» фильмі иемденді.

  • 9 Маусым 2014
  • 804
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы фестиваль сайтында хабарланды.

 «Сынақ» — 1949 жылғы Семей полигонындағы ядролық сынақ аясындағы махаббат тарихы.

Коттың айтуынша, дыбыссыз кино түсіру оның арманы болған. «Кино — бейнелеу екеніне сенімдімін, өйткені оны мылқау адам ойлап тапқан. Дыбыссыз фильм қай кезде де ішкі жан-дүниемді рахатқа бөлейді», — деді ол.

Өткен жылы фестивальдің бас жүлдесі  Алексей Ивановтың романымен аттас  Александр Велединскийдің «Географ глобус пропил» атты фильміне бұйырған.