Жарияланды: 520

Семей құтқарушылары бір апта бұрын жоғалған бақташыны тапты

Семей құтқарушылары бір апта бұрын жоғалған бақташыны тапты

Семейде 8 желтоқсан күні малын іздеп кеткен 40 жастағы бақташы ауа райының қолайсыздығынан Қараөлең ауылдық округінің Шыныбай қажы молаларының жанында жасырынып отырған күркеден дін аман табылды. Ол 7-13 желтоқсан күндері аралығында іздестірілді.

Аталған ауданды тексеру кезінде құтқарушылар бақташы жасырынған күркені анықтаған, оның жылқысы жақын маңда жүрген. Бақташыны тауып алған соң, өртке қарсы күрес қызметкерлері оны қарап шығып, бақташының аман-сау, психикалық ауытқуы жоқ және үсік шалмағанын анықтады.

ТЖД-нен хабарлағандай, 2015 жылдың 8 желтоқсанында сағат 14:40-та Семей қаласы бойынша әкімдік кезекшісіне Семей қалалық ІІБ-нің кезекшісінен Алғабас ауылдық округіндегі «Киікқашқан» бөлімшесінде малын іздеп шыққан 1975 жылғы бақташы жоғалып кеткенін туралы хабарлама келіп түсті. Алайда жоғалған мал қайтып келгенімен, бақташы табылмады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін