Жарияланды: 520

Семей-Алматы тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Семей-Алматы тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Кеше сағат 20:00 шамасында семейлік құтқарушыларға қаладан 30 шақырым жердегі жол апаты жөнінде жедел хабар келіп түскен. Дереу оқиға орнына жеткен мамандар сұмдық көрініске куә болды. Тас жолдың ортасын бөліп тұратын темір бекініс Daewoo Nexia маркалы көлігінің алдыңғы терезесінен кіріп, артқы жағынан шыққан.

Оқиға орнында 1980 жылғы жүргізуші мерт болса, 1985 жылғы жолаушы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Көлік ішінен мәйітті шығару да оңайға түспеген. Құтқару жұмыстарына 6 адам, 2 техника бірлігі қатысты. Бұл туралы Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлап отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін