Жарияланды: 550

Семей-Алматы жолында қолғап тиелген жүк көлігі өртенді

Семей-Алматы жолында қолғап тиелген жүк көлігі өртенді

Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар жүк көлігі өртенді, деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.

Өрт өткен сәрсенбіде Семей-Алматы жолының 20-шы шақырымында болды, делінген бейсенбіде таралған хабарламада.
"Меrsedes-Benz Actros 2541" көлігінің "Krone" маркілі тіркемесі болған, көлік жүріп келе жатқанда тіркемеде картон қорапта болған қолғаптар өртенген,өрттің жалпы алаңы 40 шаршы метр, ешкім зардап шекпеген, делінген онда.
Өрт тек бес сағаттан соң ғана сөндірілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін