Жарияланды: 410

Семейде 8-ші қабаттан құлаған сәби аман қалды

Семейде 8-ші қабаттан құлаған сәби аман қалды

Семейде 8-ші қабаттан құлаған сәби аман қалды. 

Бұл туралы Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлап отыр. Кішкентай қыз 8-қабаттағы балконнан құлап кетіп, 1-қабаттағы дәріхананың шатырына түсіпті. 

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел топ пен дәрігерлер жетіп, сәбиді ауруханаға алып кеткен. Аман қалған ол қазір жазылып келеді. Құтқарушылар балдырғанның ешбір жері сынбағанын, тек миы шайқалып, жеңіл-желпі жарақаттар алғанын айтып отыр, деп жазады 24.kz. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін