Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында бір отбасы газдан уланып ауруханаға түсті.
Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға кеше кешқұрым болған. Пештегі ақау салдарынан үш ересек адам мен екі, үш пен бес жастағы үш балаға иіс тиген.
Дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін олардың бәрі де үйлеріне қайтарылды.