Жарияланды: 440

Семейде бес адам газдан уланды

Семейде бес адам газдан уланды

Семейде өткен тәулікте бес адам, оның ішінде үш бала газдан уланды, олардың ең кішісі - 1 жаста.

Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Аягөз, Берегевая көшесі бойынша екі жекеменшік үйде екі сағат айырмамен түтіннен иіс тию (екеуінде де пеш тартпай қалған) жағдайы орын алды.

Облыстың ТЖ қызметі иіс тиіп қайтыс болғандар саны артып отыр деп дабыл қағуда. Шығыс Қазақстан зардап шеккендер саны бойынша алда тұр. Жыл басынан бастап, түтіннен 15 адам уланса, 150-ден астам адам жарақат алған, деп хабарлады ТЖ департаментінен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін