Семейде бопсалаумен айналысқан әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде бопсалаумен айналысқан әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Семейде бопсалаумен айналысқан әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Семей. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде бопсалаумен айналысқан әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы Асқар Қайыров хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Әскери сотқа гарнизонның бір әскери бөлімшесінің әскери қызметкеріне қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Бұл жігіт өзінен шені төмен әскериден ұялы телефонына бірліктер қосу үшін ақша бопсалаған», — деді А. Қайыров.

«Ол бопсалау барысында әскерді бірнеше мәрте соққыға жығып, тіпті оның ата-анасына ақша жіберуді талап етіп телефон да соққан», -дейді сот төрағасы.

Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 181 бабының 2 тармағы (бопсалаушылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, соған сәйкес оған 3-7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы жүктелуі мүмкін. «Қазір ұсталған әскери ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат берді», — деді А. Қайыров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті