Бүгінгі күні тұтынушылар 1 квт үшін 10 теңгедей төлейді. Бұл еліміз бойынша ең төмен тариф. Енді 1 жарым теңгеге қымбаттайды. Бірақ бұған қарсы тұрғындар мекеменің шығынға батамыз дегені бос сөз деген пікірде. Айтуларынша, ай-сайынғы төленуі тиіс электр ақысына 50 теңге жетпей қалса, сол мезетте-ақ жарықтан ажыратады екен. Ал, қайтадан қосуға шамамен 5 мың теңге кетеді. Осы ақшаның қайда кетіп жатқанын білгісі келген тұрғындарға электрмен қамтушы мекеме басшысы толық жауап бермеді.