Семейде көпірден секірген апталдай азамат тірі қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде көпірден  секірген  апталдай азамат тірі қалды

Семейде көпірден секірген апталдай азамат тірі қалды

Семейде апталдай азамат аспалы көпірден секіріп кетті. Өзіне қол салмақ болған 34 жастағы жігіт Ертіске құлап, тірі қалды.

  • 8 Қаңтар 2016
  • 219
Фото - Caravan.kz

Оқиға куәгерлері көпірдің басына шығып алған жігітпен тілдесіп те үлгермеген. Бірден өзенге қарғып кеткен ол қайта мұзға емес, суға түсіпті. Жігіт 20 метрдегі жағалауға өзі шығуға жанталасқан екен. Сөйтіп, келесі беткейде орналасқан аралға аман жеткен азаматты құтқарушылар бері қарай қайықпен алып өтті. Күн 15 градус суық болғандықтан қатты тоңып қалғаны болмаса ешқандай жарақат алмаған . Секірмес бұрын батылдық үшін ішімдіктен ұрттап алғаны белгілі болды. Қазір ауруханаға жатқызылған оның, бұл әрекетке не үшін барғаны тексерілуде.

 Қымбат Көпбаев, Семей қалалық ТЖБ аға офицері:

-Осы көпірдің биіктігі 30 метрден көп болады. Енді, бұл азаматтың аман қалғаны өте сирек жағдай. Бүгінгі таңда қуанышты жәйт деуге болады.