Дәл жұмыс орнында құрықталған директор екі жылға сотталып кетті. Сонымен бірге, ол мемлекеттік қызыметтен де үш жылға аластатылды. Бірақ, 59 жастағы айыпталушы үкіммен келіспей, қайтадан шағым түсірмек ниетте. Айтуынша, пара ретінде алынды деген бұқтырылған 90 банкі етті кәсіпкерден сатып алмашқы болыпты. Ал, ақшаны мектептің игілігіне жұмсамақ болып сұрадым дейді.
Владимир Александров, айыпталушы:
-Бұқтырылған етті мен өзім сұраттым. Курсанттарды азықтандыруға. Ол кісі әкеп берді. Мен ақысын да төлемек болғам. Ештеңе түсіндірместен бірден кісендеп әкетті. Тіпті ауыз аштырмады. Бұл, алдын ала жоспар бойынша маған қарсы ұйымдастырылған шара.