Семейде субұрқақтар маусымы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде субұрқақтар маусымы ашылды

Семейде субұрқақтар маусымы ашылды

СЕМЕЙ. 2- мамыр. Kazakhstan Today. Семейде субұрқақтар маусымы ашылды, деп хабарлады журналистерге қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Тілеуғазы Сыдықов.

  • 2 Мамыр 2007
  • 528
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Семейде бүгінгі күнде тоғыз субұрқақ бар, олардың үшеуіне қалалық бюджет есебінен қызмет көрсетілсе, қалғандары — жекеменшік.

Ең бірінші орталық алаңдағы субұрқақ іске қосылған. Қала есебіндегі тағы екі нысан кешірек қосылады, деп хабарлады Т. Сыдықов. «Жеңіс саябағындағы «Плачущий фонтан» 9 мамырда, ал Ертістің жағалауындағы каскадты субұрқақ 1-маусымда қосылады, себебі ол жағалаудағы сорғышпен жұмыс істейді, сондықтан да өзен суының деңгейінің төмендеуін күте тұру керек»,- деп түсіндірді маман.

Т. Сыдыков осы жазда субұрқақтар үздіксіз жұмыс істейді және де тек түнде және бұлтты күндері ғана тоқтатылады, деп жоспарлауда екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, осы күнде балалар және орталық саябақтарда, «Семей» қонақ үйінің алаңында және «Эльдорадо» и «Аристократ» сауда кешендерінде алты жекеменшік субұрқақ жұмыс істеуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті