Семейде ұйқыдағы адамдар тірідей жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде ұйқыдағы адамдар тірідей жанып кетті

Семейде ұйқыдағы адамдар тірідей жанып кетті

Семейде жер үйде таңға жуық тұтанған өрт қайғылы жағдаймен аяқталды.  Шырт ұйқыда жатқан 4 азаматтың біреуі құтқарылып, үшеуі тірідей жанып кеткен.

  • 6 Қаңтар 2016
  • 208
Фото - Caravan.kz

Баспана ішінен  4-уі де іле-шала сыртқа шығарылыпты. Бірақ, күйік шалған 58 жастағы үй иесі мен оның 39 жастағы ұлы және қонаққа келген азамат тіл тартпастан көз жұмған. Ал иіс тиіп уланған 29 жастағы кіші ұлын өрт сөндірушілер аман алып қалды. Негізі өрт үй ішіндегі төсек-орын  мен ағаш жабындылардан бастау алған екен. Мамандар осыған байланысты олардың ішімдік ішіп, темекіні тұқылын өшірмей тастаулары себеп болуы мүмкін деген болжам айтты.