Семейде жалғыз әйел бүтін бір көшенің құтын қашырып отыр
Семейде жалғыз әйел бүтін бір көшенің құтын қашырып отыр. Кезінде ұстаздық еткен ол үйінің ауласына қоқысты үйіп тастаған екен. Енді, төңірегіндегі жұртшылық қолқаны қапқан жағымсыз иіс пен кеміргіштерден зардап шегуде. Кімге айтса да, осы жағдайдан құтыла алмаған олар енді өздерінің денсаулықтарына алаңдаулы. |
Алпысты алқымдаған әйел осы қоқысты 20 жылдан бері жинап әлек. Бүгінде үйліген шөлмек пен қалдықтардан жер үйдің қора-қопсысы түгелдей көміліп қалған. Енді, аулада орын жоқ болғандықтан көшеге де жинай бастапты. Көрші- қолаңның айтуынша, ол бас кездерінде бұл шөлмектерді қабылдайтын орындарға өткізіп отырған екен. Қазір оны қажет қылатындар өздері келіп жинап алатын көрінеді.
Сара Ахмедиева, Семей қаласының тұрғыны:
- Біздің ең қорқатынымыз осы бутулкаларды сүт, қымыз және май құятын елдер алады. Ол тазалыққа сай емес қой. Оны біз базардан сатып аламыз.
Қолқаны қапқан жағымсыз иіс бүтіндей бір көшені жайлаған.
Ал, оған жиналған бұралқы ит -мысықтар түн баласы жұртқа тыныштық бермейді екен.
Елшат Тасболатов, Семей қаласының тұрғыны:
- Түнде есік ашу мүмкін емес. Себебі иттің шуы таң атқанша ұйықтатпайды. Екінші есікті ашуға крысадан қорқамыз. Үйде бала-шағамыз бар. Тамаққа зиян келтірсе мүлдем масқара боламыз.
Қоқыстың арасында күн кешіп жатқан жұрт талай табалдырық тоздырыпты. Алайда, жекенің меншігі болғандықтан жергілікті шенеуніктерден қайран болмаған. Тек әкімшілік айыппұлмен шектелген.
Тау теңіз болып үйіліп жақтан шөлмек пен қоқыр- қоқыстың кесірінен түрлі жұқпалы дерт тарататын кеміргіштер қаптап кеткен. Төңірегінде егеуқұйрықтар жортып жүреді екен. Құзырлы орындар дер кезінде тазалық шарасына атсалыспаған жағдайда, науқастанып қаламыз ба, деп алаңдаулы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін