Жарияланды: 270

Семейде жылуға ақша төлемейтіндердің ішінде прокурорлар мен полицейлер көп

Семейде жылу ақысын төлемегендердің қара тізімі жергілікті газет бетіне жарияланып жатыр. Коммуналдық мекеме өкілдері басылымның әр саны сайын 600-ге жуық борышкердің аты-жөндерін беруді ұйғарыпты. Тіпті мекен-жайы мен қызметтері де көрсетілген. 

Тұтастай бір бетті алған ұзын-сонар тізімде төленбеген үлкен сома 100 мың теңгеден асады. Берешегі бар болғаны - 300 теңгеден асқандар да ілігіпті. Апта сайын шығатын басылым бетінен ойып тұрып орын алғандардың қатарында ұстаздар мен дәрігерлер бар. Ал прокуратура және ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің аты- жөндерінен тіпті көз сүрінеді. Коммуналдық мекеменің мәлімдеуінше, семейліктердің жылу бойынша жалпы берешегі 380 млн. теңгені құрап отыр.

Жанна Шаймұратова, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:  

-Ең болмаса осыдан кейін адамдар ұялатын шығар. Таныстары, туыстары  оқиды ғой. Қазір бізге осы тізімдегі кісілер хабарласып, тіпті  қарыздарының бар екендігін білмейтіндерін айтып жатыр.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін