«Бүгінге кезде қала әкімдігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесе отырып, кәсіпорынды санациялау шараларын қолға алуда. Сондай-ақ, арнайы бағдарлама бойынша кәсіпорын қайта оңалтылады», — деді С. Әкімжанов. Ол атап өткеніндей, «санацияны өту кезеңі 2-3 айға созылады».
Бүгінде кәсіпорын қарыздары 1 млрд теңгеден асады. «»Жылукоммунэнерго» құрылғаны төменгі бағамен белгіленген тарифтер өзгертілмеген. Соның салдарынан кәсіпорын осындай жағдайға тіреліп отыр», — деп түсіндірді С. Әкімжанов.
«Бүгінгі кезде конкурстық басқарушыны тағайындау жөнінде мәселесі шешіліп жатыр. Ол шешімін тапса, содан кейін қолданылып отырған заңдарға сәйкес, процессуалдық шаралар қабылданады. Кәсіпорынның бұрынғы аты қалдырылды, осыған дейін қалай жұмыс істесе, солай одан әрі қарай қызмет көрсететін болады», — деп хабарлады қаржы мәселесі жөніндегі директордың орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті