Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында.Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды.Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған", — делінген хабарламада.
Айта кетері, облыста орман өрті оқшуаланды. Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады.