Семейдің мектептерінде қатты аяз салдарынан екінші ауысым бойынша оқитындардың сабақтары тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің мектептерінде қатты аяз салдарынан екінші ауысым бойынша оқитындардың сабақтары тоқтатылды

Семейдің мектептерінде қатты аяз салдарынан екінші ауысым бойынша оқитындардың сабақтары тоқтатылды

Семей. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейдің мектептерінде қатты аяз салдарынан екінші ауысым бойынша оқитындардың сабақтары тоқтатылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің Төтенше жағдайлар басқармасының кезекші бөлімінен хабарлады.

  • 16 Қаңтар 2008
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта ауа температурасы 25 градус аязды көрсетіп тұр. Сондықтан да екінші ауысым бойынша оқитын 1 — 4 сынып оқушылырының сабақтарын тоқтату жөнінде шешім қабылданды»,- деп түсіндіріп өтті кезекші бөлімдегілер.

Төтеше жадайлар басқармасындағылар сондай-ақ, ауа райы түстен кейін суыта бастағандығын атап өтті. «Семейде күн батқаннан кейін 26 градус аяз болған, бірақ таңертең сағат 8 шамасында термометр көрсеткіші 22 градусқа дейін көтерілген, сондықтан да бірінші ауысымда оқитындар бүгін сабақтарын оқыған»,- деп қосты төтеше жағдайлар басқармасындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті