Сенат Қазақстан -Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау жөніндегі келісімді бекіту туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат Қазақстан -Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау жөніндегі  келісімді бекіту туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат Қазақстан -Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау жөніндегі келісімді бекіту туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 29 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан -Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қырғызстан Республикасы үкіметі арасындағы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қараша 2007
  • 387
Фото - Caravan.kz

Сенаттың баспасөз қызметі таратқан құжатқа сәйкес, депутаттар заң жобасының мемлектетік тілдегі мәтініне редакциялық түзетулер енгізген.

«Келісімге мемлекеттік шекарада «бір аялдама» принципі бойынша бақылау тиімділігін қамтамасыз ету және екі мемлекеттің тауарлар мен транспорттың шекара арқылы қозғалысы мен жеке тұлғалардың шекарадан өтуі кезінде мемлекеттік шекарадағы қадағалаушы органдар арасындағы ықпалдастығын күшейту үшін қол қойылған», — делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Келісімде бірлескен өткізу бекеттерін құру, олардың бәрін жұмыс істеуге қажетті құралдармен қамтамасыз ету, шекарадан өтетін жеке тұлғалар, тауарлар мен көлік құралдарын бірлесе бақылау қарастырылған.
«Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік шекарасындағы бақылау процедурасын жеңілдетуге мүмкіндік жасап, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушыларға қолайлы жағдай жасайды», -делінген қорытындыда.
Келісімге 2006 жылдың 4 шілдесінде Астанада қол қойылған.