Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын Қазақстан парламенті делегациясының Канадаға сапары кеше басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын Қазақстан парламенті делегациясының Канадаға сапары кеше басталды

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын Қазақстан парламенті делегациясының Канадаға сапары кеше басталды

Алматы. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын Қазақстан парламенті делегациясының Канадаға сапары кеше басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мемлекеттік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

Сапардың негізгі мақсаты — Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының күзгі мәжілісіне қатысу.

Торонто төріндегі алқалы жиынды ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары, сенатор Джерри Графстайн ашып, форум жұмысына сәттілік тіледі, оған қатысушылар күн тәртібіндегі мәселені жан-жақты талқылайтынына сенім білдірді. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жоа Соареш (Португалия), ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Жерорта теңізі өңірі мәселелері бойынша арнаулы өкілі, АҚШ-тың Хельсинки комиссиясының төрағасы, конгрессмен Э.Хастингс сөз сөйледі.

Күзгі мәжіліс шеңберінде Жерорта теңізі форумында пікір алмасу және «ЕҚЫҰ ашық әлемде» тақырыбындағы конференция өтеді.

Қазақстанның парламенттік делегациясының құрамында сенаторлар Қуаныш Сұлтанов, Әділ Ахметов, Бақберген Досманбетов, Жомартқали Жексембинов, мәжіліс депутаттары Владимир Бобров пен Светлана Бычкова бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар