Сенат Жоғарғы соттың судьясы Сәкен Абдуллаевты қызметтен босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат Жоғарғы соттың судьясы Сәкен Абдуллаевты қызметтен босатты

Сенат Жоғарғы соттың судьясы Сәкен Абдуллаевты қызметтен босатты

АСТАНА. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар Жоғарғы соттың судьясы Сәкен Абдуллаевты қызметтен босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Сәуiр 2007
  • 361
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Конституциясының 55-бабы, 1-тармақшасы, 1-тармақтың 7-тармақшасына, сондай-ақ, «Сот жүйесі және судья мәртебесі туралы» конституциялық заңның 34-бабының, 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Сәкен Жүсіпрахметұлы Абдуллаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатуды сұраймын»,- делінген мемлекет басшысының таныстыруында.

Сенат шешімді бір дауыстан қолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті