Сенаторлар Астана - Теміртау автомобиль жолын жаңғырту барысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаторлар Астана - Теміртау автомобиль жолын жаңғырту барысымен танысты

Сенаторлар Астана - Теміртау автомобиль жолын жаңғырту барысымен танысты

18 қыркүйекте Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері

  • 18 Қыркүйек 2015
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынып жатқан Астана — Теміртау автомобиль жолының жаңғыртылып жатқан бөлігіне жұмыс сапарымен барды.

ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сенаторлар құрылыс алаңдарында болып, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жол құрылысындағы мердігер ұйымдарының жұмысымен танысты.

Автомобиль жолының салынып жатқан бөліктерінде болған кезде акционерлік қоғамның облыстық филиалдары мен мердігер ұйымдардың басшылары атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Темірхан Меңдіғалиевтың айтуынша, Астана мен Теміртау арасындағы автомобиль жолындағы жаңғырту жұмыстары «ЭКСПО-2017» көрмесіне орайластырып, 2016 жылдың аяғында толық аяқталады. Автомобиль жолы І техникалық санат көрсеткіштері бойынша салынады және 4 жолаққа дейін кеңейтіледі. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін автомобильдердің қарсы бетке шығып кетпеуі үшін кедергілер орнатылады, сөйтіп жол-көлік оқиғалары елеулі түрде азаятын болады.

Сенаторлар және компания өкілдері жұмыс орындарын сақтау мәселелерін де талқылады. «Барлық мердігер компаниялармен уағдаластыққа қол жеткізілді, қазіргі кезде біздің компания жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымдар арасында қол қою үшін жұмыс орындарын сақтау туралы бірқатар меморандумдар әзірледі», — деді Т.Меңдіғалиев.


Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында мердігер ұйымдар жұмысқа автомобиль жолына жақын жердегі елді мекендердің тұрғындарын тартып отыр.

Кездесу соңында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары атқарылатын жұмыстардың белгіленген кестесі мерзімінде орындалып отырғанын атап өтті. Ол сондай-ақ депутаттарға Астана мен Теміртау арасындағы жаңа автомобиль жолының сапасы барлық стандартқа сәйкес келетінін айтты.

Парламентшілер құрылыс жұмыстарының барысына қанағаттанғандықтарын білдірді және басталған жобаларды табысты аяқтауға тілектестігін жеткізді.