Сенаторларға мемлекеттік марапаттар табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаторларға мемлекеттік марапаттар табыс етілді

Сенаторларға мемлекеттік марапаттар табыс етілді

15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында ұлттық мереке - Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс болды.

  • 15 Желтоқсан 2015
  • 614
Фото - Caravan.kz

Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздіктің әр жылында мол табыстарға қол жеткізіп келеді»,  — деп атап өтті.

Төраға өтіп бара жатқан жылдағы еліміз үшін маңызды оқиғаларға — президент сайлауында Н.Назарбаевтың бүкілхалықтық жаппай қолдауға ие болғанына, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезі өткізілгеніне назар аударды.

Қ.Тоқаев депутаттардың нәтижелі еңбегін айта келіп, Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін алпысқа жуық заң қабылданғанын атап өтті. Төраға сенаторларды Президенттің жаңа «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауын түсіндіруге белсене атсалысуға шақырды.

Әріптестерін мерекемен құттықтаған Қ.Тоқаев «тәуелсіздікті мәңгілік ету — әрбір қазақстандықтың Отан алдындағы қасиетті парызы» деді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бір топ сенаторлар мемлекеттік және қоғамдық істегі қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, сондай-ақ  халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды.

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов «Парасат» орденімен,  Сергей Ершов, Георгий Ким «Құрмет» орденімен, сенатор Михаил Бортник ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Содружество» орденімен марапатталды.


Сенаторлар Бірғаным Әйтімова, Владимир Бобров, Сергей Громов, Ерболат Мұқаевқа ТМД ПАА-ның «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді.

Сенаторлар Жабал Ерғалиев, Ольга Перепечина ТМД-ның Құрмет грамотасымен, сенатор Ақан Бижанов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Құрмет грамотасымен  марапатталды.

Одан басқа, жоғарғы Палата Бюросының Қаулысымен Үкіметтің Парламенттегі өкілі Сайлаухан Райымбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасына ие болды.
Сенаторларға