Сергей Лавров Түркияға жоспарлаған сапарынан бас тартты
![]() |
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров жергілікті БАҚ өкілдеріне 25 қарашаға жоспарланған Түркия сапарынан бас тартқанын хабарлады. |
Ресейлік сыртқы саясат ведомствосының басшысы ресейліктерді Түркияға барудан бас тартуға шақырды.
Ресей сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде: “Түркиядағы терроризм қаупі Египеттен кем емес” деп жазылған.
Сейсенбі күні түрік-сирия шекарасында түрік әскерилері ресейлік Су-24 ұшағын атып түсірген еді.
Анкара “бөтен ұшақтың өз территориясына ескертуге қарамай кіріп кеткенін” мәлімдеген. Ресей қорғаныс министрлігі ұшақтың Сирия кеңістігінде болғанын айтады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін