«Шаңыраққа қарасын»: Ақтас ауылына қазақша атау беруге қарсы шыққандар желідегілердің ашуы тиді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шаңыраққа қарасын»: Ақтас ауылына қазақша атау беруге қарсы шыққандар желідегілердің ашуы тиді (ВИДЕО)

«Шаңыраққа қарасын»: Ақтас ауылына қазақша атау беруге қарсы шыққандар желідегілердің ашуы тиді (ВИДЕО)

Желіде еліміздегі ауылдардың біріне қазақша атау беруге қарсы шыққандардың видеосы тарады.

  • 18 Мамыр 2023
  • 36
Фото - Caravan.kz

Көпшілік әйел адамның ұрысып, қарсы шыққан сәтіне ашуланған, деп хабарлайды Caravan.kz.

Әлеуметтік желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болған видеода өзге ұлт өкілінің азаматтары қазақша атау беруге қарсы шыққан сәтін анық көруге болады. Олар жиналыста халық алдына шығып, жанжал шығарған.

Ал жазба авторы: «Ақтас қаласында көше атауын қазақшаға ауыстыруға қарсы шыққандарда болды» деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Желі қолданушылары аталған видеоны көріп, ашуға булыққан. Олар:

«Осы түсінбеймін өз жерімізде өз елімізде тұрып аққұлақтардан неге сұрауымыз керек. Барлық қала жер су аттарын Қазақшаға ауыстыру керек ешкімнен сұрамай», «Жәй ма, шаңыраққа қарасын! Кім екенін, қайдан келгенін білсін! Ұнамаса зытсын! Ешкім ұстамайды!», «Бәрі қазақша болу керек» деп жазды олар.