Шанхайдан басталған автошеру Астанаға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Шанхайдан басталған автошеру Астанаға жетті

Шанхайдан басталған автошеру Астанаға жетті

Қытайлар Елорда көшелерін шулатты. Оған себеп те жоқ емес. Шанхайдан бастау алған «Жібек жолы» атты халықаралық автошеру бүгін Астанаға жетті.

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 257
Фото - Caravan.kz

Автошеру Қытайдан өткен айдың жетісінде жолға шыққан болатын. Енді бүгін Сарыарқа төсіне келіп жетті. Мұнда олар біраз тынығып алып кейін Ресейге бармақ ойда. Артынан  Грузия, Түркия, Грекияны басып өтіп қазанның 24-і Италияда шеруді айқтайды. Өйткені онда, «Милан 2015» халықаралық көрмесі өтіп жатқанын айта кетейік.

Дзян Фу, халықаралық «Жібек жолы» автошеруінің ұйымдастырушысы:

-Біздің шеруге 8 көлік қатысып жатыр. 16 мың шақырымды жүріп өтуді жоспарлап отырмыз. Қазақ еліне Қорғас шекарасы арқылы өтіп Алматы, Балхаш, Қарағанды қалаларын жүріп өттік. Табиғаттарыңыз ғажап екен.