«Шаршадым, ажырасамын»: Танымал тележүргізуші желідегі жазбасымен көпті ойландырып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  «Шаршадым, ажырасамын»: Танымал тележүргізуші желідегі жазбасымен көпті ойландырып қойды

«Шаршадым, ажырасамын»: Танымал тележүргізуші желідегі жазбасымен көпті ойландырып қойды

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей желіде ажырасу жайлы жазба қалдырып, көпті ойландырып қойды, деп хабарлайды Caravan.kz.

  • 7 Маусым 2023
  • 12056
Фото - Caravan.kz

Тележүргізушінің айтуынша ер адаммен ақшаны аз тапқаны үшін ажырасқан дұрыс емес екен.

«Жақында құрбыммен кездескенмін. Жасы 35-те, 3 баланың анасы. “Күйеуімнің табысы аз. Шаршадым, ажырасамын”- дейді. Қанша табады деп сұрасам, миллион дейді. Бірақ нақты жұмысы жоқ. Сонда да, айына 1миллион үйіне әкеледі. Иә, жақсыға, көп ақша табуға ұмтылғаны дұрыс деп қолдарсыздар бәлкім. Қазір инстаграмнан да өзіңнен ештеңе аяма, өз бағаңды біл дегендерді оқып жатамыз. Бірақ күйеуі екеуі қиындықтың бәрін бірге жеңіп, керісінше жолдасын қолдау керек деп ойлаймын. Дегенмен, арада 3 бала барда, ажырасуға бару қаншалықты дұрыс? Бірақ күйеуі мен әйелі қиыншылықты бірге жеңу керек дегенді білеміз. Жалпы күйеуіңнен талап етіп сұраған жөн бе, әлде жай ғана көз жұмып қарай салу керек пе? Өз пікіріңізді жазып кетсеңіздер», — деп жазды ол.

Көпшілік тележүргізушінің бұл пікірімен келісе кеткен.


«Дұрыс айтасыз, ақшаға бола ажырасқаны несі?», «Қазір ештеңенің құны жоқ, некенің де, жастар қадірін білмейді ештеңенің», «Ақша бақыт әкеледі деп кім айтты? Екеу болып бір нәрсеге қол жеткізгенге не жетсін?» деп жазды олар.