Жарияланды: 370

Шекарашылар Қытайдан елімізге заңсыз радиостанциялар алып өтпек болған азаматты ұстады

Шекарашылар Қытайдан елімізге заңсыз радиостанциялар алып өтпек болған азаматты ұстады

Еліміздің шығысында орналасқан «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің (қазақ-қытай шекарасы)

шекара наряды Қытай жерінен елімізге контрабандалық жолмен тауар алып өтпек болған 25 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.

«Вольво»  автомашинасын тексеру кезінде оның ішінен бір қорап табылып, одан қытай елінде шығарылған радиостанциялар мен оның қосымша заттары табылды: 6 радиостанция, 6 батарея, 6 қуаттаушы құрылғы және 6 антенна.

Қолға түскен материалдар «Жаркент» кеден бекетінің қызметкерлеріне берілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін