Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды

Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды

Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды.

  • 28 Шiлде 2023
  • 78
Фото - Caravan.kz

Қаралы хабарды журналист Бану Дәулетбаева жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы bugin.kz-ке сілтеме жасап. 

«Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы…», — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстан жазушылар одағы бұл ақпаратты растап отыр.

«Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жалғыз тұяғы Бақытжан Шерханұлы дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабарды жеткіземіз.Жаназасы Самал-1 шағын ауданы, №16 үй, 7-пәтер 2023 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де шығарылады», — деп хабарлады олар.


Жерлеу рәсімі Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы — Батылжан Шерханұлы, қызы — Алма Шерханқызы.