Шетелдік инвесторлар тұрақты дамуға көшу бағдарламаларын жасай алады - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік инвесторлар тұрақты дамуға көшу бағдарламаларын жасай алады - Назарбаев

Шетелдік инвесторлар тұрақты дамуға көшу бағдарламаларын жасай алады - Назарбаев

Астана. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ірі шетелдік инвесторлар өз кәсіпорындарының тұрақты дамуға көшу бағдарламаларын жасай алады деп санайды. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін шетелдік инвесторлар кеңесінің 18-ші отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 549
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан экономикасын тұрақты дамуға көшіру жөніндегі 2024 жылға дейінгі біртұтас мақсатты көрсеткіштер айқындалған үкіметтің қаулысы жасалып, қабылданды. Барлық басқару деңгейлерінде осы көрсеткіштерге бағыну керек», -деді Н. Назарбаев.

«Үкіметтен барлық салалық және өңірлік бағдарламаларда тұрақты даму принциптерін, табиғи ресурстарды тиімді әрі ойламды пайдалану, тепе-тең демографиялық саясат принциптерін міндетті түрде ескеру талап етіледі», -деді ол.

«Ірі шетелдік инвесторлар да өз кәсіпорындарының Қазақстанда тұрақты дамуға көшу бағдарламаларын жасауы қажет және онда «таза өндіріс» стратегиясының принциптерін енгізуі қажет деп санаймын», -деді мемлекет басшысы.

Н. Назарбаевтың пайымдауынша, «корпоративтік көшбасшы критерийлеріне экология мен тұрақты дамуға, ресурстарды үнемдеуге бірінші кезекте назар аударатын компания ғана сай келеді». Осыған байланысты ол Қазақстан үкіметінің «30 корпоративтік көшбасшы» атты мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасап қабылдағанын еске салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті